Қайтейік енді
09.09.2026,
в 13:30
218
«Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қорына кіретін «Samruk Business Academy» жекеменшік кәсіпорны – күшті жұмыс тауып алған: ол холдинг құрамындағы компанияларға кадр тауып береді және оқыту, білімді жетілдіру сияқты қызметтер ұсынады. Келісімшарттарының сомалары сұмдық, техникалық талаптары түсініксіз және бәрін «бір көзден» сатып алуға құмар.
Мәселен, «Самұрыққа» кіретін «Turanium» ЖШС дейтін бір фирма «Samruk Business Academy» кәсіпорнынан 28,9 млн теңгеге қызметкерлерді оқыту қызметін сатып алыпты. 2027 жылға дейін жасалған екі жылдық келісімшарт. Бұл қызметтің қызығы – онда аты-жөні нақты көрсетілген бір адамды оқыту керек екен. МАМАРАХИМОВА Минора Абдувалиевнаны «Басшыларға арналған іскерлік магистрі» тақырыбында оқыту деп көрсетілген. Ол не қылған оқу, оған не кіретіні көрсетілмеген.
Минора Мамарахимова кім десек, ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды бітіріп, 2005 жылдан 2018 жылға дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ-да, 2018 жылдан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да HR бөлімінде жұмыс істейді екен.
«Turanium» ЖШС-і (бұрынғы Хорасан-U) – құрылтайшыларына қытайлық компаниялар мен «Қазатомөнеркәсіп» кіретін уран өндіретін кәсіпорын. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның да «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қорына кіретіні белгілі.
Егер Мамарахимова «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның қызметкері болса, оны оқытуға неге басқа компания тапсырыс беріп отыр?
Қазақстанның ең мықты деген жоғары оқу орындарында «Басшыларға арналған іскерлік әкімшілендіру магистрі EMBA» бағдарламасы бойынша оқу ақысы бұлардың бағасынан кемінде он есе арзан тұрады. ҚБТУ сайтында оқу құны 3,1 млн теңге деп көрсетілген, ал басқа университеттерде 12-18 айлық оқу ақысы 1,5-3 млн теңгеден басталады.
Айтпақшы, Минора Мамарахимова «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен «Самұрық-Қазына» құрамына кіретін «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-ның корпоративтік хатшысы Нұржан ЗАРИПОВТЫҢ әйелі екенін айта салайық.

Фото: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
03.09.2026,
17:20
07.09.2026,
09:00
02.09.2026,
15:44