60-шы Burger King Астана шетіндегі GASENERGY-де ашылды

Ду шапалаq

03.10.2026,

  в 12:30

303

Мықты брендтер бірін-бірі толықтырып жатыр

Burger King Kazakhstan Қазақстандағы 60-шы мейрамханасын ашты. Ол Астана-Қарағанды тасжолында, елордадан шығар жолда орналасқан GASENERGY жанармай құю станциясының аумағында орналасқан.

PetroRetail өкілдерінің айтуынша, елордадан шығар жолдағы бұл орын көлік көп жүретіндіктен таңдалған.

«Қазақстандағы 60-шы Burger King мейрамханасының елордадан шығар жолдағы GASENERGY жанармай құю станциясында ашылғаны біз үшін ерекше маңызды. Бұл жерде ыңғайлылық пен сапалы сервиске сұраныс жоғары. Burger King-пен серіктестік – мықты брендтердің бірін-бірі қалай толықтыра алатынының жарқын мысалы. Біз GASENERGY-ді заманауи жанармай құю станциясының форматы ретінде дамытып жатырмыз. Жолдағы аялдама тек қажеттілік қана емес, жайлы демалудың мүмкіндігіне айналуы керек. Бұл жер енді Астана тұрғындары тарапынан да, жол үстіндегі жолаушылар тарапынан сұранысқа ие болатынына сенімдіміз», – деді PetroRetail компаниясының ілеспе бизнес және маркетинг жөніндегі директоры Рамис ДЖАЙЛИБАЕВ.

Жаңа мейрамхананың ашылуымен желідегі нысандар саны 60-қа, ал Қазақстан бойынша 16 қала қамтылды. Жаңа локация Burger King үшін қала сыртында қанат жаю жолындағы тағы бір қадам болды.

«60 – біз үшін мақтанарлық көрсеткіш. Оның артында адамдар тұр. Жаңа орындарды іздейтін, құрылыс жұмыстарын жүргізетін, қызметкерлерді жұмысқа қабылдап, оқытатын және мейрамханаларды іске қосатын адамдар. Ашылу қарсаңында кешке дейін жұмыс істеп, таңертең “Біз ашылдық!” деп айтуымызға жағдай жасайтын жандар. Әрбір жаңа мейрамхана – бұл жаңа жұмыс орындары. Біреу үшін бұл алғашқы жұмыс болса, енді біреу үшін кәсіби тұрғыда өсуге, менеджер болуға және компания ішінде мансап құруға мүмкіндік», – дейді Burger King Kazakhstan бас директоры Алёна АМИЛАХАНОВА.

PetroRetail компаниясының айтуынша, GASENERGY жанармай құю станциясы мен Burger King арасындағы ынтымақтастық жолдағы аялдаманың заманауи форматының бір бөлігіне айналды. Мұнда көлікке жанармай құюмен қатар, тез тамақтанып, қысқа уақытқа үзіліс жасауға мүмкіндік бар.

Фото: Burger King Kazakhstan.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!