Қайтейік енді
23.10.2026,
в 13:30
348
Орталық Азиядағы ең ірі 20 кәсіпорынның рейтингінде Қазақстанның 13 компаниясы тұр. Тіпті алғашқы жеті орынның бәрін отандық компаниялар иеленіп отыр. Көш басындағылар тек шикізат өндіретін алпауыттар ғана емес, қаржы секторының, финтех пен технологиялық бизнестің өкілдері.
Рейтингтің көш басына болжамды құны 48,54 млрд долларды құрайтын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы шықты. Екінші орында құны 17,66 млрд долларға бағаланған Kaspi.kz тұр. Үшінші орынды 16,05 млрд доллар көрсеткішімен «Қазатомөнеркәсіп» иеленді.
«ҚазМұнайГаз» бен «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компанияларының екеуі де «Самұрық-Қазына» компаниялар тобына кіреді.
Алғашқы ондыққа мына компаниялар да енді:
Өңірдегі ең ірі компаниялар тізіміне болжамды құны 1,4 млрд доллар болатын Kcell, 1,11 млрд долларлық «ҚазТрансОйл», 1,08 млрд долларлық «Қазақтелеком» және 882 млн долларлық KEGOC та енді.
Рейтингтің қалған орындарында Өзбекстанның жеті компаниясы орналасқан. Uzum цифрлық платформасының құны 2026 жылғы наурызда 2,3 млрд долларға бағаланған. Ipoteka Bank-тің құны – 1,64 млрд доллар, Uztelecom – 1,33 млрд доллар, UzAuto Motors – 1,27 млрд доллар, Hamkorbank – 1,09 млрд доллар, Ipak Yuli – 1,08 млрд доллар, ал SQB – 980 млн доллар.
Тізімдегі өзбекстандық компаниялар банк секторын, телекоммуникация саласын, автомобиль өндірісін және цифрлық сервистерді қамтиды.

Фото: ҚР Сауда және интеграция министрлігі.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
22.10.2026,
10:30
16.10.2026,
18:00
21.10.2026,
09:00