Әлеуметтік желіде көмекке ақша жинайтындар енді есеп береді

Қайтейік енді

26.10.2026,

  в 14:00

190

Ақша жинау үшін «қайырымдылық еріктісі» статусын алу керек болады

Әлеуметтік желіде көмекке деп ақша жинап, бірақ оның қайда жұмсалғанын түсіндірмегендер енді жауапқа тартылуы мүмкін. Инстаграм мен Тик-токта жеке қажетіне немесе өзгелерге қаржы алу тәртібін күшейту көзделіп отыр, деп хабарлайды Информбюро 31.

Ақпарат министрлігі әзірлеген заң жобасына сәйкес бұдан былай жұрттан ақша сұрағандар есеп беруге міндеттелмек.

– Қаражат жинаушылар «қайырымдылық еріктісі» статусын алуы керек. Одан бөлек, арнайы цифрлық платформада көмек сұрауға ниетті екенін хабарлап, кейін есеп беруі шарт. Қаржы басқа біреу үшін жиналса, сол адамның рұқсатын растайтын құжат та сұралуы мүмкін. Жиналған ақшаны мақсатсыз шашқандар әкімшілік, болмаса тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылады, – дейді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Фото: видеодан кадр.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!