Ду шапалаq
31.10.2026,
в 16:00
86
Алаяқтар сататын «тауарлары» үшін ақшаны алғанымен, сатып алушыға түк бермейді. Осы мақалада алаяқ-сатушыларды қалай тануға болатынын айтып, ақшаңызды қалай сақтап қалуға көмектеспекпіз.
Мынадай дүкендерден сақ болу керек:
Бұл белгілер дүкеннің тап-таза алаяқ екенін білдірмейді. Алайда сақ болғаныңыз жөн.

Біріншіден, тауар ақысын жеке тұлғаның картасына аударуға көнбеңіз. Заң тұрғысынан мұндай аударым тауар сатып алғаныңызды дәлелдей алмайды. Егер сатушы сізді алдап кетсе, оны дәлелдеу мүмкін болмайды.
Күмәнді онлайн-әмияндарға ақша аудармаңыз, төлем жасау үшін жіберілген белгісіз сілтемелерге өтпеңіз. Ешбір жағдайда банк картаңыздың деректерін бөтен сайттарға енгізбеңіз.
Екіншіден, дүкеннің атауын интернеттен іздеп көріңіз. Егер олар алаяқтар болса, интернеттен алданып қалған сатып алушылардың шағымдары табылуы мүмкін.

Егер алдын ала төлем жасау қажет болса, сатушыдан банктің мобильді қосымшасы арқылы төлем шотын жіберуді сұраңыз.
Тауарлар немесе қызметтер үшін ақшаны ешқашан жеке тұлғаның картасына аудармаңыз.
Жоқ. Заң бойынша банк алушының келісімінсіз аударымды кері қайтаруға құқылы емес.

Ең дұрысы – беделі жақсы дүкендерден сатып алу. Сондай-ақ сатушы еш кідіріссіз әрі қосымша шарттар қоймай, ресми банк қосымшасы арқылы төлем шотын жіберіп, жеткізу мерзімін нақты көрсетсе, алаңдауға негіз жоқ.
Жуырда «Kaspi.kz алаяқтарға қарсы» науқаны аясында жаңа бейнеролик жарияланды. Онда жалған сатушылардың алаяқтық схемасы қалай жұмыс істейтіні көрсетілген.
Айта кетсек, Kaspi.kz Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен алаяқтардың құрбаны болмау үшін олардың алаяқтық схемалары туралы бейнероликтердің тұтас сериясын түсірді. Видеоларды Kaspi.kz-тің ресми YouTube-арнасынан көруге болады.
Фото: youtube.com/@kaspikz.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
28.10.2026,
09:00
26.10.2026,
12:00
27.10.2026,
12:00
28.10.2026,
15:00
30.10.2026,
10:30