Ду шапалаq
20.10.2026,
в 17:00
265
Gasenergy кешені жанармай құю станциясын, электромобиль зарядтау құрылғысын, дүкен мен жолға ала кететін тағамдарды бір жерге біріктірді
Автокөлікпен сапарға шығу деген – жолға қамданып шығу, кофеге аялдау, сағаттап рөлде отырған соң аяқ жазып, қайтадан жолға аттану. Енді Щучинск қаласынан Астанаға қарай шығар жолда осындай үзіліс жасауға болатын жаңа жер бар. Ол – Gasenergy.

Бұл жер жай аялдама емес, көтпеген қызмет түрін ұсынатын ірі жанармай құю кешені. Мұнда жанармай құйып, электромобильді қуаттап, кофе алып, жеңіл-желпі тамақтануға болады. Мәзірінде хот-дог, пицца және түрлі нан-тоқаш өнімдері бар. Дүкеннен жолға қажетті ұсақ-түйек пен азық-түлік алуға болады.


Щучинск – Астана бағыты үшін мұндай формат өзекті. Бурабай курорттық аймағы жақын жатқандықтан, демалыс және мереке күндері жолда көлік көп. Біреулер қала сыртына демалуға шықса, енді біреулер үйлеріне қайтады. Көл жағасында немесе табиғат аясында демалғандар ұзақ жолдың алдында бір аялдап алатын болды.


Бұл кешен тек кәдімгі көліктерге ғана арналмаған, станцияда электромобильдерге арналған қуаттау құрылғылары орнатылған. Бұл – электр көлігімен жүретін және қалааралық бағыттарды жоспарлайтын жүргізушілер үшін маңызды.
Жаңа Gasenergy станциясында жанармай құю, кофе ішу немесе азық-түлік алу үшін әр жерге жүгірудің қажеті жоқ: мұның бәрі бір жерде шоғырланған. Астана мен еліміздегі ең танымал туристік бағыттардың бірін байланыстыратын жолдағы бұл кешен жол инфрақұрылымын толықтыра түсті.

Қазір Gasenergy желісінің Қазақстан бойынша 50-ден астам жанармай құю станциясы бар. Олардың арасында франчайзинг үлгісімен жұмыс істейтін станциялар да бар.
«Біз станцияларымыздағы аялдамаларды жүргізушілер үшін барынша ыңғайлы әрі түсінікті етуге тырысамыз. Сондықтан жанармай құю қызметімен ғана шектелмей, тамақтану, дүкен және электромобильдерді қуаттау сияқты қосымша қызметтерді де дамытып келеміз. Щучинскідегі жаңа кешен орналасқан жерімен ерекше қызықты: ол өңір тұрғындары да, Бурабайға немесе Астанаға бағыт алған саяхатшылар да жиі пайдаланатын жол бойында орналасқан», – деп атап өтті компания өкілдері.

Жайлы аялдама дегеніміз – ыстық кофе, жеңіл тамақ және жолды жалғастырмас бұрын аздап тынығып алу мүмкіндігі ғана. Щучинскідегі Gasenergy осының бәрін бір жерге жинап, жүргізушілерге сапарын өз ырғағымен жалғастыру мүмкіндігін ұсынады.

Фото: GASENERGY.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
15.10.2026,
18:00
16.10.2026,
13:30
16.10.2026,
18:00
16.10.2026,
10:30