Ду шапалаq
20.10.2026,
в 12:00
230
Freedom Bank жинақтаушы ипотека бағдарламасы аясында бірқатар жаңа құрылыс компанияларымен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды. Бұған дейін бұл өнім тек BI Group компаниясының тұрғын үйлерін сатып алуға ғана ұсынылатын. Енді клиенттер түрлі қалалардағы бірнеше құрылыс компаниясының жобалары арасынан баспана таңдай алады. Қазір бағдарламаға 60-тан астам тұрғын үй кешені бар 10-нан астам құрылыс компаниялар тобы қосылды.
Бағдарламаға қосылған жаңа құрылыс компанияларының қатарында Sensata Group, AIVA GROUP, TUMAR GROUP, Meridian stroy ltd. және OKS Group бар. Олардың нысандарын Freedom SuperApp арқылы рәсімдеуге болады. Сондай-ақ Akan Building, Inju, Monolit Group, Otau Group, Sat-Ns, SauletAlem, SN, Stroi Group, «Арт Құрылыс» және басқа да компаниялармен келісімдер жасалды. Олардың нысандары жақын уақытта қосымшада қолжетімді болады. Клиенттер баспананы өз қалауы, бюджеті, орналасқан жері, жылжымайтын мүлік санаты мен жоспарлануын ескере отырып таңдай алуы үшін қалалар мен серіктес компаниялардың тізімі әрі қарай да кеңейтіледі.
Компаниялар мен тұрғын үй нысандарының толық тізімі Freedom SuperApp банкінің мобильді қосымшасындағы «Цифрлық ипотека» бөлімінің «Жинақтаушы ипотека» тарауында тұр.
Жинақтаушы ипотеканың дәстүрлі ипотекадан ерекшелігі – оның екі кезеңнен тұруында. Бірінші кезеңде клиент бастапқы жарна ретінде 30% төлейді, тұрғын үйдің толық құнына қаржыландыру алады, жылжымайтын мүлікті таңдап, рәсімдейді, қарызды өтей бастайды және сонымен қатар депозитте баспана құнының 50%-ына дейін қаражат жинайды. Депозитте тұрғын үй сатып алуға қажетті соманың жартысы жиналған кезде (депозит мерзімі рәсімдеу кезінде таңдалады), ипотека бойынша пайыздық мөлшерлеме төмендейді. Бірінші кезеңде кредит мөлшерлемесі жылдық 10,5%-дан 14,5%-ға дейін (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – ЖТСМ 11,01%-дан 15,49%-ға дейін), ал екінші кезеңде жылдық 10%-ға дейін төмендейді (ЖТСМ 11,00%-дан 14,59%-ға дейін).
Бастапқы жарнаның 30%-ы Freedom Bank-тегі депозитке жылдық 7% мөлшерлемемен салынады (ЖТСМ – 7,00%). Депозитке есептелетін сыйақы тұрғын үй құнының 50%-ын жинауға көмектесіп, кредиттеудің екінші кезеңіне тиімдірек пайыздық мөлшерлемемен ертерек өтуге мүмкіндік береді. Жинақтау мерзімі 96 ай болғанда бұл тетіктің тиімділігі айқын көрінеді: клиентке пәтер құнының 30%-ы мөлшерінде өз қаражаты болса жеткілікті, ал қалған 20%-ы банк депозитке есептейтін сыйақы есебінен қалыптасады.
Freedom Bank-тегі шотты басқа банктегі шоттан реквизиттер арқылы, P2P аударымы арқылы немесе банк бөлімшесінде толықтыруға болады. Қаражаттың шотқа түсуі толықтыру тәсіліне байланысты үш жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін.
«Құрылыс компаниялары серіктестерінің қатарын кеңейту – жинақтаушы ипотеканы дамытудағы жаңа қадам. Біз бұл өнімге сұраныстың жоғары екенін көріп отырмыз және оны ірі қалалардағы ғана емес, өңірлердегі клиенттер де пайдалана алғанын қалаймыз. Банк клиентке қажетті соманы жинауға көмектесіп, кейін ипотеканы тиімдірек шарттармен алуға мүмкіндік береді. Алда Қазақстанның түрлі қалаларында жаңа серіктестіктер орнатуды жоспарлап отырмыз», – деді Freedom Bank директорлар кеңесінің мүшесі Айдос ЖҰМАҒҰЛОВ.
Бағдарламаның негізгі шарттары:
Банк ипотеканы рәсімдеуге жауапкершілікпен қарауды ұсынады: кредиттеу шарттарын мұқият зерделеп, өз қаржылық мүмкіндіктерін объективті бағалап, ықтимал тәуекелдерді ескеру қажет. Міндеттемелерді уақытылы орындау өсімпұл есептелуінен және шартта көзделген өзге де салдарлардан сақтануға мүмкіндік береді.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2026 жылғы 7 шілдедегі № 1.1.551.129 банк және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған әмбебап лицензиясы.
Фото: Freedom Bank.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
15.10.2026,
18:00
16.10.2026,
13:30
16.10.2026,
18:00
16.10.2026,
10:30