Новости
20.01.2026,
в 12:42
165
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ қатысуымен Құрылтай отырысы басталып, онда мемлекет басшысы сөзін бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
– Қазір Қызылорда облысында әсіресе әлеуметтік салада жақсы жаңалық көп. 3 жылда осы аймақта 34 білім беру, 45 мәдениет және спорт нысаны салынды. Бұған қоса, 40 медицина нысаны ашылды. Менің тапсырмаммен Қызылордада 300 орынға арналған көпбейінді аурухана құрылысы басталды. Көп ұзамай 500 орындық емхана және 200 орындық перзентхана салынады. Бір сөзбен айтқанда Қызылорда облысы барлық салада қарқынды дамуда. Облыстың жағдайы жалпы жақсы деп күмәнсіз айтуға болады. Бұл әкім Нұрлыбек НӘЛІБАЕВТЫҢ белсенді, табанды жұмысының нәтижесі, – деді мемлекет басшысы.
Тоқаевтың сөзінше, соңғы жылдары Қызылорда облысы заман талабына сай өсіп-өркендеп жатыр.
– Былтыр аймақтың жалпы ішкі өнімі 6,5 пайызға өсті. 3 жылда облысқа 2 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылды. Былтыр 27 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Соның ішінде жаңа жылу электр орталығының іске қосылғанын ерекше атап өткен жөн. Стратегиялық маңызы бар бұл нысан толығымен инвестордың қаржысына салынды. Жылу электр орталығы аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін нығайта түседі. Облыс тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Халықтың 80 пайызы көгілдір отынды пайдаланады. Елді мекендерге газ құбырын тарту жұмысы алдағы уақытта жалғаса береді, – деді ол.
Коллаж: Kazinform/ Akorda.kz/ Canva.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
21.01.2026,
10:30
18.01.2026,
12:00
15.01.2026,
15:00
15.01.2026,
09:00
16.01.2026,
10:30
Реклама
Реклама