«Халық кеңесі» дейтін кеңес құрылады

Новости

20.01.2026,

  в 14:26

309

Құрылып болған сол әлгі «Халық кеңесінің» отырыстары жылына бір рет өтеді

Бесінші Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ «Халық кеңесі» атты жаңа кеңес алаңы құрылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның Халық кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясының тәжірибесін біріктіріп, барлық этностар мен қоғамдық топтардың өкілдігін қамтамасыз етеді.

– Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың тарихи миссиялары аяқталды. Қазақстанның Халық кеңесін – Халық Кеңесін құруды ұсынамын, – деді мемлекет басшысы.

Президент Халық кеңесінің мәртебесі мен оны құру тәртібі Конституцияның жеке бір бөлімінде және арнайы конституциялық заңмен бекітілетінін атап өтті.

Оның құрамына азаматтық қоғам мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді. Халық кеңесінің қызметі Конституцияға қатаң сәйкес жүзеге асырылады.

– Қазақстанның Халық кеңесі басқа елдердің кеңесші құрылымдарының тәжірибесін бойына сіңірген жаңа мемлекеттік орган болады. Онда барлық этностар, халық топтары мен өңірлер өкілдік алады. Кеңес елдің ең жоғарғы кеңесші органы мәртебесіне ие болып, оның төрағасына заң шығару бастамасы құқығы беріледі, бұл оның мәртебесін едәуір күшейтеді, – деді президент.

«Халық кеңесі» дейтін кеңестің құрамына 126 адам кіреді:

  • этномәдени бірлестіктердің 42 өкілі
  • мәслихаттардың 42 өкілі
  • қоғамдық ұйымдардың 42 өкілі

«Халық кеңесінің» отырыстары жылына бір рет өтеді.

Фото: Ақорда.