Ду шапалаq
13.04.2026,
в 15:00
441
Freedom Inside форумының алаңында Денсаулық сақтау министрлігі мен Freedom Bank денсаулық сақтау саласындағы цифрлық сервистерді дамыту және халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру жөнінде келісімге қол қойды.
Құжатқа ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол ОСПАНОВ пен Freedom Bank директорлар кеңесінің төрағасы Тимур ТУРЛОВ қол қойды.
Ынтымақтастық аясында тараптар дәрігерге жазылу жүйесін жетілдіру, пациенттерді ақпараттандыру сервистерін дамыту және медициналық көмекті цифрлық каналдар арқылы алу қолайлылығын арттыру бағытында бірлесіп жұмыс істемек. Сондай-ақ дәрілік қамтамасыз ету жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді, оның ішінде процестердің ашықтығын арттыру және медициналық әрі дәріханалық ұйымдармен өзара іс-қимылды жақсарту үшін цифрлық шешімдерді енгізу қарастырылған.
Сонымен қатар, келісім медицина қызметкерлерін қолдауға, профилактиканы дамытуға және азаматтардың денсаулықты сақтау мәселелеріне қатысу белсенділігін арттыруға бағытталған бастамаларды пысықтауды көздейді.
«Бұл келісімге қол қою – цифрлық денсаулық сақтауды дамытудағы маңызды қадам. Серіктестермен бірлескен жұмыс медициналық қызметтердің қолжетімділігін жүйелі түрде арттыруға, процестердің ашықтығын күшейтуге және пациенттер мен медицина қызметкерлері үшін қосымша қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Біз денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты дамуын және көрсетілетін көмектің сапасын арттыруды қамтамасыз ететін шешімдерді енгіземіз», – деді Ербол Оспанов құжатқа қол қойғаннан кейін.
Бұл жаңалық денсаулық сақтау саласында цифрлық тәсілдерді жүйелі дамытуға, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен ашықтығын арттыруға, сондай-ақ пациентке бағдарланған ыңғайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
«Freedom SuperApp стратегиясының бір бағыты – клиенттеріміз үшін мемлекеттік сервистердің ыңғайлы витринасын жасау. Біз осы бағытта дамуды жалғастырып, енді денсаулық сақтау саласын цифрландыруға көшіп отырмыз. Адам өмірін жеңілдететін жаңа өнімдер қашан да маңызды», – деп түсіндірді Freedom Bank директорлар кеңесінің мүшесі Айдос ЖҰМАҒҰЛОВ.
Фото: Freedom Bank.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
11.04.2026,
14:00
11.04.2026,
12:00
10.04.2026,
15:00
06.04.2026,
18:00
Реклама
Реклама