Меркіден Қарағандыға дейін: Keruen Inn желісі кеңейіп келеді

Ду шапалаq

18.09.2026,

  в 10:30

489

Жақында Qazaq Oil тағы үш қонақүй ашуды жоспарлап отыр

Тура бір жыл бұрын Қазақстанда жанармай құю кешені жанындағы алғашқы Keruen Inn қонақүйі пайда болды. Қазір бұл желінің жеті нысан бар, келесі айда олардың қатарын Қызылордадағы тағы бір қонақүй толықтырады.

Алғашқы Keruen Inn 2025 жылғы 17 қыркүйекте Алматы – Тараз – Шымкент тасжолының бойындағы Меркі қаласында ашылды. Qazaq Oil-дың бұл жобасы жүргізушілерге арналған болатын: жолдағы ұзақ аялдаманы тура қаладағыдай жайлы етейік деген ниет.

Бір жылдың ішінде жоба дамып кетті. Меркіден бөлек, бүгінде Keruen Inn Аралда, Семейде, Атырау облысындағы Қарабатанда, Ақтауда, Қарқаралыда және Қарағандыда жұмыс істейді. Осылайша желі Қазақстанның оңтүстік, батыс, шығыс және орталық өңірлерін байланыстыратын негізгі бағыттарды біртіндеп қамтып келеді.

«Меркідегі алғашқы Keruen Inn біз үшін маңызды оқиға болды. Өткен бір жыл ішінде саяхатшыға жол бойында толыққанды аялдама жасауға мүмкіндік беретін форматтың қаншалықты сұранысқа ие екенін көрдік. Сондықтан бүгінде біз бір ғана қонақүй нысаны туралы емес, жол бойындағы сервисті жүйелі түрде дамыту туралы айтып отырмыз», – деп атап өтті Qazaq Oil.

Жанармай компаниясы үшін жаңа бизнес

Qazaq Oil үшін Keruen Inn желісін дамыту – дәстүрлі жанармай саудасынан бөлек жаңа бағытқа айналды. Жұмыстың алғашқы жылы компанияға бұл тұжырымдаманы тексеріп қана қоймай, оның әрі қарай қалай дамуы мүмкін екенін түсінуге мүмкіндік берді.

Бір жыл ішінде компания жол бойындағы қонақүй қандай болуы керек, қонақтарға қандай қызметтер көбірек қажет және қонақүй нысаны қолданыстағы жанармай құю станциясының инфрақұрылымымен қалай үйлесімді жұмыс істей алатыны туралы түсінік қалыптастырды. Сонымен қатар әрбір жаңа жер өзінің ерекшеліктері мен ондағы клиенттердің қажеттіліктерін ескеруге мүмкіндік береді.

Keruen Inn Qazaq Oil экожүйесінің бір бөлігі ретінде дамып келеді. Қонақүйлер жанармай құю станцияларымен, Q-Cafe гастроаймақтарымен, Dala Market дүкендерімен және Qazaq Energy Charge электр қуаттау станцияларымен қатар орналасқан. Мұндай тәсіл қонақүй қызметін жол инфрақұрылымымен біріктіріп, саяхатшы үшін бірыңғай қызмет көрсету сценарийін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Алғашқы жылдың маңызды нәтижелерінің бірі – жобаның географиясын түсіну болды. Компания жол бойындағы қонақүйге сұраныс өңірлер арасында саяхаттайтын адамдарға да, қалааралық бағыттарда тұрақты жұмыс істейтін жүргізушілерге де қажет болуы мүмкін жолдарды таңдап келеді.

Келесі қонақүй – Қызылорда

2026 жылдың қазан айында Qazaq Oil Қызылордада Keruen Inn қонақүйін ашуды жоспарлап отыр. Жаңа нысан жобаны дамытудың келесі кезеңі болып, желінің елдің оңтүстігіндегі қамту аясын кеңейтеді.

Сондай-ақ жақын уақытта Павлодар мен Астанадағы қонақүйлер де өз есігін ашады.

Компания Keruen Inn желісін жекелеген қонақүйлерді бірінен соң бірін аша беретін жоба ретінде емес, нақты логикасы бар ұзақмерзімді жоба ретінде қарастырады. Оның негізінде – негізгі көлік бағыттары, жол бойындағы орындарға деген сұраныс және әбден пысықталған формат.

Алғашқы жыл қонақүй бағытындағы Qazaq Oil бизнесінің әлеуеті бар екенін көрсетті. Енді компания желінің географиясын кеңейтуге, форматты дамытуға және Keruen Inn қонақ үйімен жолаушылардың қажетінен шығатын жаңа орындарды таңдауға басымдық беріп отыр.

Фото: Qazaq Oil.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!