11 жастан асқан қыздар америкалық «Гардасил-9» вакцинасын алады

Қайтейік енді

31.07.2026,

  в 15:00

216

Алғашқы 160 мың доза Қазақстанға биыл маусым айында жеткізілді

11 жастан асқан қыздар тағы да вакцина алады. Еліміз енді америкалық «Гардасил-9» екпесін сатып алды. Бұл арқылы қатерлі ісік, яғни мойын обыры секілді онкологиялық аурудан қорғанбақ, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Алғашқы 160 мыңға жуық доза Қазақстанға биыл маусым айында әкелінген. Оның 90 мыңнан астам мөлшері өңірлік ауруханаларға жеткізілсе, қалған бөлігі тамыз айында тасымалданбақ. Екпенің екінші партиясы да көпке ұзамайды. Қазан, қараша айларында жергілікті ауруханалар сөресін тағы толықтырады. Шамамен 94 мың доза.

Адам папилломасы вирусына қарсы екпе салу елімізде осыдан екі жыл бұрын басталған. Бұл ем-дом шаралары ерікті түрде немесе қыз балалардың ата-анасының рұқсатымен жасалады.

– Бұл вакцинаның, төрт валенттік вакцинасынан айырмашылығы, «Гардасил 4» вакцинасы құрамындағы төрт стереотипке қоса, қосымша бес онкогендік вирустарға қарсы қорғаныш қасиеті бар. Бұл вакцина біздің ұлттық егу күнтізбесіне ешқандай да өзгеріссіз енгізіледі. Егер қыз балалар бұрынғы курсын «Гардасил-4» вакцинасымен бастаса, әрі қарай тоғыз валенттік вакцинамен жалғастыруға болады, – дейді Нұршай ӘЗІМБАЕВА, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Иммунопрофилактика орталығының басшысы.

Фото: видеодан кадр.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!