Қайтейік енді
27.04.2026,
в 15:00
300
Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат МҰРЗИЕВ шотокан каратэден әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды 1bol.kz.
Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен WSF ұйымының 16-шы әлем чемпионатында ол 45–54 жас санатындағы (Shobu Ippon Kumite Open) бәсекеде барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.
Турнир барысында қазақстандық спортшы бірде-бір рет жеңіліс тапқан жоқ. Алғашқы кездесуінде Англия өкілі Майк ЛИНЧТІ 2:0 есебімен ұтса, кейінгі кезеңдерде де қарсыластарына дәл осындай есеппен басым түсті. Жартылай финалда Кот-д’Ивуар спортшысы Франк ЛОУСОНДЫ 2:0 есебімен жеңіп, финалда да жеңісін жалғастырып, чемпион атанды.
Әлем біріншілігіне Түркия, Әзербайжан, Ұлыбритания және Африка елдерінен келген спортшылар қатысты.
Марат Мұрзиев 2023 жылдың сәуір айынан бері Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.
Фото: Атырау облысының әкімдігі.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
24.04.2026,
18:00
21.04.2026,
14:00
21.04.2026,
18:00
Реклама
Реклама