Маңғыстауда мұғалім оқушымен жыныстық қатынасқа түсті деп күдіктелуде

Қайтейік енді

17.04.2026,

  в 13:30

571

39 жастағы педагог полиция бөлімшесіне жеткізіліп, тергеуге алынған

Маңғыстаулық мұғалім оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Информбюро 31.

Маңғыстау облысында оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікпен мектеп мұғалімі ұсталды.

39 жастағы педагог полиция бөлімшесіне жеткізіліп, тергеуге алынған.

Сұмдық жағдайдың жай-жапсары қазір анықталып жатыр.

Күдікті Мұнайлы ауданындағы №12 мектептің технология пәнінен сабақ берген. Педагог осы білім ошағында сегіз жылдан бері жұмыс істейді. Отбасылы. Төрт баласы бар.

Ұстаздар күнде көріп жүрген әріптестерінің мұндай қадамға барғанына сенбейді.

Жәбірленуші тоғызыншы сыныпта оқиды. Полицияға арызды қыздың өгей әкесі жазған екен.

Фото: видеодан кадр.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!