Кәрім Көкірекбаевтың көңілі су сепкендей басылды

Қайтейік енді

24.11.2026,

  в 15:00

183

70-ке таяған Көкірекбаев көкеміз бостандыққа әзір шықпайтын болды

Жемқорлық бабымен ұсталып, 12 жылға сотталған Жамбыл облысының әкімі Кәрім КӨКІРЕКБАЕВ бостандыққа әзірге шықпайтын болды. Бұған дейін түзеу мекемесінде отырған оның денсаулығының нашарлауына байланысты бостандыққа шығады деген ақпарат тараған болатын. Алайда Алатау қаласының соты мерзімінен бұрын босату туралы қаулының күші жойылғаны туралы хабарлады, дейді КТК телеарнасы.

Алатау қаласы сотының мәліметінше, Кәрім Көкірекбаевтың өтінішін қарау кезінде тиісті талаптар өрескел бұзылған. Енді сот негізсіз медициналық қорытынды берген комиссия мүшелеріне қызметтік тексеріс жүргізу үшін хат жолдапты.

Осылайша төрт жылдан бері түзеу мекемесінде отырған 69 жастағы экс-шенеунік жазасын одан әрі өтей береді.

Айта кетейік, ол бұған дейін Жамбыл облысының әкімі, «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшысы қызметін атқарған. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазселденқорғау» мекемесін басқарған.

2022 жылғы 27 желтоқсанда оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері ұстаған. Тергеу мәліметінше, Көкірекбаев Қорғас өзеніндегі қорғаныс нысандарының құрылысына қатысты орындалмаған жұмысты қабылдау актілеріне қол қою үшін 396 миллион теңге көлемінде пара алған. Ал мемлекетке келтірілген шығын шамамен 2 миллиард теңгеге бағаланды.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!