Қазақстандық теннисші айдың үздік спортшысы атанды

Қайтейік енді

04.10.2026,

  в 15:00

84

29 жастағы спортшы осы кезеңде 20 матчтың 19-ында жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко ерлер арасында қыркүйек айының қорытындысы бойынша әлемдік теннис турының (World Tennis Tour) үздік спортшысы болып танылды, деп хабарлайды Казинформ.

29 жастағы спортшы осы кезеңде 20 матчтың 19-ында жеңіске жетті.

Д.Попко M15 санатындағы жарыстарда үш рет жеңімпаз атанып, біреуінде финалға дейін жетті.

Қазақстандық теннисші Цахкадзорда (Арменияда) екі мәрте үздік атанды. Біреуінде финалда аргентиналық Игнасио Монсонды 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Содан кейін соңғы бәсекеде ресейлік Дмитрий Бессоновты қапы қалдырды – 6:3, 6:2.

Д.Попко Телавиде (Грузия) табысты жолын жалғастырды. Ал Куршумлия-Баняда (Сербия) финалға дейін жетті.

Халықаралық теннис федерациясының мәліметі бойынша 2026 жылы Попко кәсіби деңгейде 43 матчтың 30-ын жеңіспен аяқтады. Соның ішінде топырақ төсенішіндегі 30 кездесудің 23-інде мерейі үстем болды.

Дмитрий Попко кеше аяқталған Телави (Грузия) M15 додасында да сәтті өнер көрсетіп, финалға дейін жетті. Қазір ол әлемдік рейтингіде 545-орында тұр.

Фото: Қазақстан теннис федерациясы.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!