Қайтейік енді
17.05.2026,
в 16:00
128
Қазақстандықтардың 250 миллиард теңге қарызы кешіріледі. Оның басым бөлігі несие. Берешек бойынша рақымшылық 66 мыңға жуық адамға жасалады деген жоспар бар, деп хабарлайды Информбюро 31.
Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің айтуынша, елдің берешегі борышкерді банкрот деп тану арқылы тоқтатылмақ.
Белшеден асатын қарыздан құтылуға мүмкіндік беретін банкрот болу тетігі осыдан 3 жыл бұрын іске қосылды. Содан бері борышкерлер сотпен немесе соттан тыс жүгіну арқылы банк пен қаржы ұйымдары алдындағы берешегін тоқтатты. Бірақ қаржыгерлер қауымдастығы енді талапты күшейтуді ұсынып жатыр. Әсіресе ипотекасы бар борышкерлерге арналған банкроттық ережелерін қатаңдату керек дейді.
– Қазіргі заң банктің объективті себептерге байланысты қарызды уақытында өндіріп ала алмаған жағдайдың өзінде, қарыздарды соттан тыс тәртіппен есептен шығару мүмкіндігін береді. Соның нәтижесінде, кей жағдайларда азаматтардың ипотекалық несиелері де кешіріліп жатады. Сондықтан соттан тыс банкроттықтың шартсыз қолданылуы туралы тармақты өзгертіп, бұл рәсімді ипотекалық қарыз алушыларға қолданбауды ұсынамыз, – дейді Бекжан ОТАРБАЕВ, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі директоры.
Негізі заңға сәйкес, банкрот деп танылғандарға 5 жылға дейін несие алуға тыйым салынады. Бірақ сенаторлар қадағалауды күшейтіп, қосымша шектеу енгізу қажет дейді. Себебі қарызы кешірілгендер қайтадан кредит рәсімдеген. Мысалы, мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, 3 мыңға жуық азамат банкроттыққа шығып алған соң банктерден тағы 900 миллион теңге қарыз алған. Көбі микрокредиттер рәсімдепті. Экономистердің пікірінше, сол үшін берешектің барлық түріне мүмкіндік бермеу керек.
– Мысалы бір ойынға, затқа, телефонға алынған тұтынушылық несиелерді кешіруге болмайды деп ойлаймын. Өйткені ол бірінші қажеттіліктер емес, той сияқты анау-мынауға алынған қарыздар. Олар кешірілмеуі тиіс. Сол үшін кредиттердің өзін әлеуметтік және әлеуметтік емес деп екіге бөлу керек, – дейді экономист Бекнұр КИСИКОВ.
Бүгінде 66 мыңнан астам қазақстандық банкрот. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, олардың жалпы қарызы 250 миллиард теңге. Оның бәрі кешірілуі тиіс. Экономистер мүмкіндікті тек әлеуметтік осал топтарға қолдануды талап етеді. Ал қаржыгерлер кредиттің рәсімделген уақыты мен банкроттыққа өтініш беру уақытының арасына мерзім белгілеу қажет деп санайды. Себебі бүгін қарыз алса, ертесі-ақ қызметке жүгінетіндер көп дейді.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
15.05.2026,
13:30
12.05.2026,
18:00
12.05.2026,
09:00
15.05.2026,
09:00
Реклама
Реклама