Қайтейік енді
29.10.2025,
в 13:30
639
Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмағанды тәрбиелеу және білім беру жөніндегі міндеттерді қайта орындамау (ӘҚБтК 127-бабының 2-бөлігі) фактісі бойынша азаматша П.-ға қатысты істі қарады.
Сот анықтағандай, азаматша П.-ның 2011жылы туған, әлі кәмелетке толмаған ұлы қыркүйектен бастап мектептегі сабақтан себепсіз қалып қойған.
Бұған дейін де 2025 жылдың маусымында П. ұлының мектепке бармағаны үшін сотпен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
ӘҚБтК-нің 127-бабы 2-бөлігінің санкциясы 15 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейді.
Кәмелетке толмаған балалардың болуын, кінәсін мойындауын және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, сот айыппұл мөлшерін 30%-ға азайтты.
Сот қаулысымен азаматша П. ӘҚБтК-нің 127-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 41 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Фото: edu.kz.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
09.11.2025,
10:00
07.11.2025,
16:00
06.11.2025,
18:00
06.11.2025,
12:30
11.11.2025,
12:00
Реклама
Реклама