Жетісу облысында бір үйдің үш баласы өртеніп кетті

Қайтейік енді

29.09.2026,

  в 13:30

225

Отбасы бір жылдан бері үй жалдап тұрып келген

Жетісу облысында үйдегі өртте бір отбасының тірідей жанып кетті. 8, 6 және 1 жастағы балалар Талдықорған қаласы маңына жерленді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Балаларды жерлеуге Ескелді ауданы әкімшілігі қол ұшын созған. Енді қаралы отбасын сол ауылда уақытша баспанамен қамтамасыз ететінін мәлімдеді.

Қаралы отбасы бір жылдан бері үй жалдап тұрып жатқан. Төрт балалы ерлі-зайыптылардың отағасы ғана жұмыс істеген.

Жергілікті әкімдіктің айтуынша, бұлар Талдықорған қаласында үй кезегінде тұрған, ал Ескелдіде уақытша тұрақтаған.

Төтенше жағдайлар департаменті өрттің себептерін анықтап жатыр, басқа ақпарат берілмеді.

Полиция «қылмыстық іс қозғадық» деп қысқа қайырды.

Қайғылы оқиға болған күні таңертең осы үйдің 38 жастағы отағасы Талдықорғандағы жұмысына кеткен.

Өрт таңғы сағат 7-ден өте тұтанған. Қара түтін басқан үйден жанұшыра 34 жастағы келіншек пен 14 жастағы баласы қашып шығыпты. Көршілерін оятып көмек сұраған. Бір көршісі түтіннен 6 жастағы баланы алып шыққанынмен, ол тұншығып жан тапсырған. 

– Көрші жігіт шыдай алмай есіктен кіреді, ол кезде үйдің қабырғалары жанып жатқан. Кіре сала бес жасар баланы терезеден сыртқа лақтырып жібереді. Үйдің төбесі жанғанда ана жігіт қорыққан, терезеден секіріп түскен. Үйдің іші, бәрі жанып жатыр, пластик терезе жанып жатыр, екі бала іште қалып қалды, – дейді Бақтыбай ауылының тұрғыны Салтанат МУХИЕВА.

Фото: видеодан кадр.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!