Астанада мас тракторшы полициядан қашты

Новости

29.04.2026,

  в 12:45

35

Ол тракторымен жаяу жүргіншілер жолымен жүйткіді

Астанада трактор жүргізген мас жүргізуші полициядан қашып, жаяу жүргіншілер жолына шығып кеткен, дейді baq.kz

Полиция жүргізушінің ұсталғанын хабарлады. 

Аталған факті бойынша трактор жүргізушісі көлік құралын мас күйде басқарғаны және ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оны 18 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу, сондай-ақ 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Көлік құралы коммуналдық тұраққа қойылды, – деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Фото: pixabay.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!