Қайтейік енді
04.08.2026,
в 15:00
349
Семейде құрылыс алаңынан адам сүйектері табылды, деп хабарлайды Информбюро 31.
Тұрғындар жердің бетіне шыққан сүйектерді кездейсоқ көріп қалған екен.
Жекпе-жек сарайының құрылысы жақында басталған болатын. Жер телімі шаһардағы ескі стадионының орнынан берілген. Мердігер компания аумақты қопарып, жерді қазуға кірісіп кеткен. Бірақ адам сүйектері табылған соң жұмыс дереу тоқтатылды.
Полиция тиісті сараптама тағайындап, мән-жайды анықтауға кірісті.
Жергілікті жұрт аталған жер бұрын зират болған деп топшылайды.
– Табылған сүйек қалдықтары олардың шығу тегін және жерленген уақытын анықтау мақсатында сараптамаға жіберілді. Полиция мұндай жағдайда азаматтарды дереу ішкі істер органдарына хабарлауға және полиция қызметкерлері келгенге дейін өз бетінше ешқандай әрекет жасамауға шақырады, – дейді Семей қаласы Полиция басқармасы бөлімінің жедел уәкілі Саят САРТОВ.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
29.07.2026,
10:00
03.08.2026,
10:30
30.07.2026,
18:00
02.08.2026,
14:00