Қайтейік енді
26.04.2026,
в 14:00
50
Шығыс Қазақстан облысында ескі зираттың үстінен аурухана салынып жатыр. Енді шашылған адам сүйектерін көрген тұрғындар шенеуніктерден құрылысты тоқтатуды талап етуде. Жұрт атқамінерлердің бұл әрекетін «аруақты қорлау» деп отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Шемонаиха қаласында аудандық аурухананың инфекция бөлімшесінің жаңа корпусының құрылысы басталған. Алайда жер телімі ескі зираттың үстінен түскен. Ал жұрт бұл қорымға өткен ғасырда жұқпалы індеттен көз жұмған адамдар жерленгенін айтады. Олар құрылыс алаңынан шыққан топырақ арасынан ондаған адамның сүйегін тауып алған. Сондықтан тұрғындар аурухана құрылысына үзілді-кесілді қарсы.
Ал шенеуніктер табылған адам сүйектері далада қалмай, шариғат заңымен қайта көмілетінін айтып отыр.
– Әр жылдары бұл аумақта құрылыс жүргізілді. Соның ішінде аудандық ауруханада салынды. Мұндай жағдайлар бұған дейінде кездесті. Полицияның қортындысы бойынша табылған сүйектер қайта жерлеуге жатады. Олардың тарихи құндылығы жоқ, – дейді ШҚО әкімінің баспасөз қызметінің маманы Қымбат МҰХАМАДИЕВА.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
20.04.2026,
09:00
21.04.2026,
14:00
24.04.2026,
18:00
19.04.2026,
22:52
Реклама
Реклама