Қазақстанда қанша адам 1 млн теңгеден асатын жалақы алады?

Қайтейік енді

27.10.2026,

  в 15:00

206

Елдегі жұмысшылардың 30 пайызы 150 мыңнан 300 мың теңгеге дейін жалақы алады

Елімізде 154 мыңға жуық қызметкер айына 1,1 млн теңгеден жоғары жалақы алады. Оның ішінде 73,7 мың адамның айлық табысы 1,5 млн теңгеден асады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының зерттеуінде жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зерттеу екінші тоқсанда 3,4 млн қызметкерді қамтыған. Олардың 4,6 пайызының жалақысы 1,1 млн теңгеден асады. Ал елдегі орташа айлық жалақы 486 мың теңгені құраған.

Жұмысшылардың басым бөлігі, яғни 1,1 млн адам айына 300 мыңнан 500 мың теңгеге дейін табыс табады. Ал қызметкерлердің 42 пайызының жалақысы 300 мың теңгеге жетпейді. Оның ішінде 29,9 пайызы 150 мыңнан 300 мың теңгеге дейін жалақы алады.

Сонымен қатар 76 мың адамның айлық табысы 100 мың теңгеден төмен екені анықталған. Жас ерекшелігіне қарай ең жоғары орташа жалақы 35-44 жастағы қызметкерлерге тиесілі.

Фото: istockphoto.com.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!