Қайтейік енді
04.09.2026,
в 13:00
337
Ақтөбеде өз анасын пышақтап өлтірген жасөспірім психикалық ауру болып шықты. Бірнеше ай бойы тексерген мамандар оған «шизофрения» диагнозын қойып отыр. Сондықтан жаңа басталған сот отырысы ұзаққа созылмай, бірер күнде үкім шығуы мүмкін, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Сот процесіне 16 жастағы сотталушының өзі қатысқан жоқ. Себебі ол Талғардағы ауруханада жатыр. Былтыр жаңа жылдың алдында 41 жастағы анасына ашуланып, сол бойда пышақтап өлтірген еді. Араша түсуге ұмтылған әжесін де аямаған. Оны да бірнеше жерден тілгілеп, кейуанаға жарақаттар салған. Сотта жалғыз жәбірленуші деп танылған да сол әжесі.
Сабақты жақсы оқитын, олимпиадалардан орын алып келіп жүрген оқушы қанды қылмысқа барады деп ешкім күтпеген. Әжесі бұған дейін де баланың ашуға берілетінін, мінезі өзгерген кездері болғанын айтады. Бірақ оны еркелікке, жасөспірімнің өтпелі кезеңіне балап келіпті.
Енді психикалық дертінің нақтылануына байланысты үкім де ерте шығуы керек. Келесі отырыста судья жаза кескеннен бұрын, мәжбүрлі емдеуге жібереді деп күтіліп отыр. Ал немересінің қолынан өле жаздаған әжесі оған шаң жуытпай отыр.
– Мінезі жақсы, ешкімге тиіспейтін, бір ата-ана жүгіріп келген жоқ, «менің баламды ұрды» деп. Жақсы бала еді. Ол түскі асқа картоп, бәрін қуырып беретін еді, қазан-табақты да жуатын. Обал болды, қатты жаным ашып отыр, – дейді әжесі.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
03.09.2026,
17:20
29.08.2026,
10:00
31.08.2026,
20:21
02.09.2026,
12:00
30.08.2026,
16:00