Бастығы пышақтаған оралдық полицей ауруханаға түсті

Қайтейік енді

12.11.2026,

  в 15:00

240

Күн сайын неше-түрлі оқиғалар болып жатыр

Оралда полицейдің пышақталуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі тергеп-тексеру жұмыстарын бастап кеткен, деп хабарлайды Astana TV.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, Абай полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары қызметкерімен ішімдік ішіп отырып, жанжалдасып қалады. Бұдан кейін ол қарауындағы қызметкерін пышақтап тастапты.

Алайда жәбірленуші өзінің абайсызда жарақат алғанын айтып ақталып отыр. Облыстық полиция департаменті екі қызметкерінің де жұмыста жоқ екенін мәлімдеді.

«Оқиғаға қатысы бар екі азамат ішкі істер органдарындағы жұмысынан бұған дейін босатылған. Ал олардың ішімдік ішіп, сөзге келгені шындыққа сәйкес емес. Жалған ақпарат таратқандарға қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеміз. Оқиғаға қатысты түпкілікті құқықтық шешім тергеу нәтижесі бойынша беріледі», деп түсіндірді Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті.

Фото: astanatv.kz.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!