Қайтейік енді
18.05.2026,
в 13:30
203
2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 101 мың 300 адам қамтылып, 140 мың 800 азамат жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бағдарламалар аясында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елімізде халықты тұрақты жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Аталған шаралар өңірлік жұмыспен қамту карталары, ұлттық жобалар және мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылуда.
Жұмыспен қамту шараларының негізгі бағыттарының бірі – субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру. Бүгінде мұндай жұмыс орындарына 50,6 мың адам жолданған. Оның ішінде:
Сонымен қатар жұмыссыз азаматтардың жаңа дағдыларды меңгеруіне және біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлініп отыр. Жыл басынан бері 31,7 мың адам онлайн оқумен қамтылса, олардың 25,1 мыңы оқу курстарын аяқтап, сертификат алған.
Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Бастау Бизнес» жобасы да жалғасуда. Бағдарлама аясында 16,9 мың азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, 7,3 мың адам оқуын сәтті аяқтаған.
Ал жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес кадр даярлау мақсатында 2 119 адам кәсіптік оқуға жіберілді. Бұл шаралар өңірлік еңбек нарығының қажеттілігіне сай мамандар даярлауға мүмкіндік береді.
Мансап орталықтары арқылы жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстары да қарқын алған. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау және консультациялық қызметтерді 142,8 мың адам алған. Мамандардың айтуынша, бұл азаматтардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
Ресми мәліметке сәйкес, 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жұмысқа орналастырылған 140,8 мың адамның:
Бұдан бөлек, 2026 жылы әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды қолдау мақсатында жаңа бизнес-бастамаларға арналған мемлекеттік гранттар беру жалғасады. Биыл 400 АЕК-ке дейінгі, яғни 1 млн 730 мың теңге көлеміндегі 9 мың грант беру жоспарланып отыр.
Фото: istockphoto.com.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
12.05.2026,
18:00
15.05.2026,
13:30
12.05.2026,
09:00
15.05.2026,
09:00
Реклама
Реклама