Қайтейік енді
24.09.2026,
в 12:00
574
Ақын Мақсат АҚАНОВ Маңғыстау облысындағы айтыстан кейін жарты жылға дейін өнер сахнасынан шеттетілді. Оған себеп – айтыскердің сахнаға мас күйде шығып, қарсыласына айтқан әдепсіз сөздері, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Әлеуметтік желіде ақынның сахнада айтқанынан үзінді тарап, көпшілік сынына ұшыраған.
Айтыс Маңғыстау облысындағы Шайыр ауылының 100 жылдығына ұйымдастырылған. Ақынды айтыс әдебі мен сахна мәдениетін сақтамады деп ашық сынағандар оның бұл әрекетін «көрерменді сыйламау» деп есептеген.
Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының төрағасы Аманжол ӘЛТАЙ бұл шара Одақтың ресми жоспарына кірмейтінін, оны жеке кәсіпкерлер мен демеушілер ұйымдастырғанын айтты. Сондай-ақ бұл келеңсіздік үшін Мақсат Ақанов алдағы алты ай бойы Одақ ұйымдастыратын ресми айтыстар мен шараларға қатысу құқығынан айырылғанын жеткізді.
Ал айтыскер осы жағдай үшін ұялатынын жеткізіп, пікір білдіруден бас тартты.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
22.10.2026,
10:30
24.10.2026,
10:00
26.10.2026,
12:00
23.10.2026,
09:00