Қазақ боксшысы әйелін соққыға жығыпты

Қайтейік енді

05.07.2026,

  в 16:00

122

Қазір іс бойынша барлық мән-жай жан-жақты тексеріліп жатыр


Әлеуметтік желіде зардап шеккен әйелдің әпкесі осы оқины түсірген жазбасын жариялады.

Оның айтуынша, белгілі боксшы Теміртас ЖҮСІПОВ әйелін соққыға жыққан. Соның салдарынан әйел ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Медициналық құжаттарда тұншығу белгілері, басындағы ашық жарақат, құрысу және ми ісінуі тіркелген. Әпкем күйеуі қамаудан шыққаннан кейін де қорқытып, ажырасқан жағдайда өлтіретінін айтып, балаларын тартып алу үшін оны психикалық ауру ретінде көрсетуге әрекет жасағанын айтқан, – деді жәбірленушінің туысы.

Әйелдің әпкесі тергеу барысына алаңдаушылық білдіріп, күдіктінің ұсталғаннан кейін шамамен бес сағаттан соң босатылғанын айтты.

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен әйелге миының шайқалуы және бетінің жұмсақ тіндерінің соғылуы диагнозы қойылғанын хабарлады.

Ведомство мәліметінше, оған шұғыл хирургиялық көмек қажет болмаған. Әйел ауруханаға жатудан өз еркімен бас тартқаны туралы қолхат жазған.

Ақмола облысы полиция департаменті аталған дерек бойынша денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Полиция департаментінің мәліметінше, 30 маусым күні Көкшетау қаласының тұрғыны отбасылық жанжал кезінде жұбайына дене жарақатын салған. Қазір іс бойынша барлық мән-жай жан-жақты тексеріліп жатыр. Тергеу қорытындысына сәйкес кінәлі тұлғаның әрекетіне құқықтық баға беріліп, заң аясында жауапкершілікке тартылады.

Фото: Sports.kz.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!