Қайтейік енді
08.09.2026,
в 15:00
46
Қазақстан жылқы саны бойынша әлемде төртінші орынға көтерілді. Бұл туралы Ranking.kz БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) деректеріне сүйене отырып хабарлады, деп жазады ult.kz.
Әлемдегі жылқы саны ең көп елдердің алғашқы бестігі мынадай:
Бұл ретте Қазақстандағы жылқы саны 2025 жылға қарай 4,6 млн басқа жеткен.
Қазақстан жылқы саны бойынша Орталық Азия елдерінің арасында айқын көш бастап келеді. Мәселен, Қырғызстан әлемдік рейтингте 17-орында — 553,5 мың бас, Өзбекстан 30-орында — 283 мың бас, Тәжікстан 51-орында — 92 мың бас. Ал Түрікменстанда жылқы саны 27,6 мың басты құрайды.
Қазақстанда 2020-2025 жылдар аралығында жылқы саны 48,4 пайызға өскен. Яғни бес жыл ішінде көрсеткіш 3,1 млн бастан 4,6 млн басқа дейін артқан. Салыстырмалы түрде Қырғызстанда осы кезеңдегі өсім небәрі 4,9 пайыз болған.
Қазақстанның барлық өңірінде жылқы шаруашылығы дамыған. Жылқы саны бойынша көш бастап тұрған облыстар:
Мамандар саладағы өсімді Қазақстанның кең жайылымдық жерлерімен қатар, мемлекеттік қолдау мен инвестицияның артуымен байланыстырады.
Мәселен, жылқы өсіру саласына негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2020 жылы 3,5 млрд теңге болса, 2025 жылы 26,2 млрд теңгеге жеткен. Ал ең жоғары көрсеткіш 2023 жылы тіркеліп, 49 млрд теңгені құраған.
Фото: Adobe Stock/Rita Kochmarjova.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
03.09.2026,
17:20
02.09.2026,
12:00
07.09.2026,
09:00
02.09.2026,
15:44
02.09.2026,
10:30