Қайтейік енді
21.08.2026,
в 13:30
262
Қазақстанда ақпараттық тақтайшалар мен жарнамаларда латын әрпін қолдануға уақытша тыйым салынуы мүмкін. Ғылым және жоғары білім министрлігі әкімдіктер мен мемлекеттік органдарға жаңа жазудың емлесі бекітілмейінше күте тұруды ұсынды, деп хабарлайды Информбюро 31.
Шектеу жекеменшік мекемелерге де қатысты болмақ.
Қазақстанда қазақ тілінің латын әліппесі нақтыланбай жатып атауын өзгертіп алғандар қаптап кетіпті.
Латын қарпінің ортақ стандарты әлі де құрастырылып жатыр. Дегенмен елдегі мекемелер мен дүкендер аты мен жарнамасын ауыстырып үлгерген. Емлесі болмаған соң әркім өз білгенінше жазды. Мысалы, бірі У әрпін ағылшын нұсқада белгілесе, енді бірі төбесін түртіп, бірізділік болмай тұр.
Қазір қазақша ақпаратты латын әрпімен жазған дүкендер мен сауда желілерін, дәмхана мен дәріханаларды табу оңай. Кім пәрмен бергені, қай стандартқа жүгініп жазғаны белгісіз. Әйтеуір басым бөлігі ауысып алғаны байқалады. Кәсіпкерлер ғана емес мемлекеттік органдардың арасында қасбеттегі жазуын латыншалап алғандары да бар.
Бірақ ғылым министрлігі бұдан былай емле бекітілмейінше латын әрпін қолдануды тоқтатуды ұсынып отыр.
«Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға жетілдірілген әліпби бекітілгенге дейін меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдардың латын графикасындағы көрнекі және өзге де ақпаратын орналастыруды тоқтата тұру ұсынылды. Қазақстанда латын қарпіне көшу идеясы 2017 жылдан басталды. Мекемелер мен дүкендер де сол кезде жазбаларын ауыстыруға көшті. Ешкім тоқтау болған жоқ. Негізі латынша жаз деп міндеттемеген де. Содан да шығар қазір бірі кирилл қарпін де, латын әрпін де қолданып жатыр. Ал халық бірізділік қажет дейді», делінеді ҚР Fылым және жоғары білім министрлігінің ресми жауабында.
Бүгінде қазақ тіліндегі латын қарпінің ортақ емлесін әзірлеумен лингвист ғалымдар айналысып жатыр. Ал кәсіпкерлердің айтуынша, жазудың бағасы алфавитке емес, өлшемі мен ұзақтығына қарайды. Соңғы уақытта дүкен немесе «магазин» деп емес, бір сөзбен «маркет» дегендей ағылшын тілінде ғана жаза бастағаны да байқалады.
Фото: kolesa.kz.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
20.08.2026,
14:00
17.08.2026,
10:30
18.08.2026,
13:30
16.08.2026,
17:29