Қайтейік енді
18.04.2026,
в 14:00
188
«Жол жүрісі туралы» заңға сай халықаралық қозғалысқа қатысатын автомобиль Қазақстан аумағында бір жылға дейін жүре алады, деп түсіндіреді kolesa.kz.
Көлік құралын шетелдік немесе Қазақстанда тұруға ықтиярхаты жоқ азамат басқарса және:
2025 жылы 31 желтоқсаннан бастап көлік құралы мынадай жағдайда Қазақстан аумағында халықаралық қозғалыста жүр деп саналады: егер оны шетелде тұрақты тұратын Қазақстан азаматы пайдаланса және:
Демек шетел нөмірін таққан, соның ішінде Қытайда тіркелген машинаны басқа мемлекетте тұрақты тұруға мүмкіндік беретін резидент мәртебесі, ықтиярхаты немесе визасы бар Қазақстан азаматы ғана тізгіндей алады. Оның өзінде бір жылдан аспайтын уақытқа ғана.
Сондай-ақ 2023 жылы сақтандыру туралы заңға өзгеріс еніп, Қазақстан аумағында халықаралық қозғалыста жүрмеген техниканың иесіне міндетті сақтандыру туралы келісімшарт жасауға тыйым салынған.
Қысқасы, біздің елде сақтандырусыз көлік міне алмайсыз. Ал Қазақстан азаматы немесе резиденті шетелде есепте тұрған автомобильді жүргізгісі келсе де сақтандыру полисін ала алмайды.
Фото: Тимур Еникеев / kolesa.kz.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
16.04.2026,
13:30
17.04.2026,
18:00
16.04.2026,
12:00
Реклама
Реклама