Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар тексеріледі

Қайтейік енді

12.09.2026,

  в 14:05

115

Азаматтардың тұрғын үйінің бар-жоғы, тұрғын үйге мұқтаж ба, соны тексереді

«Отбасы банк» азаматтардың отбасы құрамын, тұрғын үйінің бар-жоғын, тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұру құқығына әсер ететін өзге де мәліметтерді тексереді, деп хабарлайды baq.kz.

14 қыркүйектен бастап Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың мәліметтерін тексеру тәртібі өзгереді.

Енді «Отбасы банк» азаматтардың жеке деректерін жинау және өңдеуге бөлек келісім алмай-ақ, мәліметтерін түгендей алады. Бұл өзгеріс тұрғын үй кезегінде тұрған Қазақстан азаматтары мен қандастарға қатысты. Банк есепте тұрған барлық азаматтың мәліметін тексеріп, тұрғын үй кезегін жаңартуды жоспарлап отыр.

«Отбасы банк» азаматтардың отбасы құрамын, тұрғын үйінің бар-жоғын, тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұру құқығына әсер ететін өзге де мәліметтерді тексереді.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!