Құрылтай депутаттары қанша жалақы алады?

Қайтейік енді

10.09.2026,

  в 15:00

212

Жастау депутаттар 600 мың теңге, бұрыннан жүргендер 1 млн алады екен

Құрылтай депутаттарының жалақысы еңбек өтіліне қарай 600 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін жетеді. Бұл туралы Құрылтай төрағасының орынбасары Дания ЕСПАЕВА Құрылтайда өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазіргі депутаттардың жалақысы 600 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін жетеді. Егер депутаттың еңбек өтілі болса, оның жалақысы 1 миллион теңгеге жетеді», – деді Дания Еспаева.

Оның айтуынша, әдеп нормаларын бұзған депутаттың бір күндік жалақысы айлық мөлшеріне қарай есептеледі.

Яғни 600 мың теңге жалақы алатын депутаттың бір күндік еңбекақысы шамамен 29 мың теңге болса, 1 млн теңге алатын депутаттікі 48 мың теңгеге жуықтайды.

Фото: «Әділет» партиясы.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!