Қайтейік енді
15.05.2026,
в 15:00
152
Қытайдан көлік алған қазақстандықтар шарасыз күйде отыр. Қолжетімді темір тұлпарды тізгіндеп жүрген тұрғындардың шоттары аяқ-асты бұғаттала бастаған, деп хабарлайды Информбюро 31.
Сөйтсе, мойындарына бір миллион теңге қарыз жазылыпты. Бір қызығы, жүргізушілер тиісті төлемін толық өтеп, көліктерін заңды түрде кедендік тексерістен өткізіп қойған екен.
Нариман СӘНДІБЕК сәнді темір сәйгүлік сатып алып, сан соққандардың бірі. Жігіт ағасы дәл осы супер-гибрид көлігін былтыр 7 жарым миллион теңгеге Қытайдан тапқан. Құны қалтаны қақпайды, күйі де күмән туғызбайды. Осылайша, кедендік рәсімдеуден өткізіп, мемлекеттік нөмірін тағады. Бір жыл бойы қызығын көріп жүргенде аяқ-асты қиындыққа тап болады.
– Маған ешқандай хабарламасыз ИП шотым бұғатталды. Оны білу үшін налоговыйға барған кезде мына машинаның растаможкасына тағы да қосымша 1 миллион теңге төлеу керек дейді. Сол кезде қандай заң бойынша не төлеу керек соның бәрін төледім. Ол қалай сонда? Мен түсінбеймін соны, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Нариман Сәндібек.
Осы бір BYD Destroyer 05 көлігін сатып алып, тығырыққа тірелгендер көп. Өздерінің есебінше, ел бойынша 5 мыңға жуықтайды. Бәрі бірдей қомақты қарыздың қайдан келгенін түсіне алмай дал. Себебі, жеңілдікке ілігу үшін тиісті құжаттарды ұсынып, тексерістен өткен едік дейді.
– Біз біреуін арнайы маманға өткіземіз ПКР-дің шешімін қабылдайтын. Ол кісі көлікке отырады, жүреді. Бізден құжаттарын сұрайды қосымша. Біз бәрін өткіземіз. Олар бізге ПКР шығарып береді. ПКР шыққан күннен бастап біз оны таможняға өткізіп, нулевой пошлинамен өткіземіз, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Жасұлан ӘБУҒАЛИЕВ.
– Бұл құжат дата окончание 2027 жылдың 29 наурызына дейін болу керек болған. Бұны алады да қыркүйекте алып тастайды. Кері күшпен, сіздер дұрыс рәсімдемегенсіздер деп бәріне айыппұл келеді, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Дәулет ӘШІМХАН.
Ал қарашаға қарыз салған мемлекеттік кірістер департаменті басқа пікірде. Жиналған жүргізушілер өзгелерге берілген жеңілдікті өз мүддесіне қолданған деп отыр. Есептен жаңылыспадық деген мамандар соттасуға да дайынбыз дейді.
– 3 жылдың ішінде кедендік бақылау жүргіздік. Бұзушылықтың белгілерін анықтадық. Әр тауардың өзінің коды бар. Сонда бір тауарға кедендік баж алынбайды. Бір тауарға алынады. Бұл кісілердің қойып тұрған коды кедендік баж алынбайтын кодты қойған, нулевой ставкамен, – дейді Ержан ШАДЫРОВ Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті камералдық тексерулер бөлімінің басшысы.
Бірақ, бұқара мамандардың әу баста неге жеңілдікке рұқсат бергенін түсінбейді. Сондықтан, олар бұғатталған шоттарды ашып, негізсіз жазылған қарызды алып тастауын талап етуде.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
10.05.2026,
10:00
09.05.2026,
18:00
12.05.2026,
18:00
12.05.2026,
09:00
Реклама
Реклама