Қайтейік енді
28.08.2026,
в 15:00
105
Риддер қаласындағы тұрғын үйдің басым бөлігі 70 жыл бұрын тұрғызылған, деп хабарлайды Жетінші арна. Соған қарамастан 910 тұрғын әлі күнге дейін өмір сүріп жатыр.
Алдағы үш жылда 200-ден астам отбасыны жаңа баспанаға көшіру жоспарланып отыр.
Ғимараттың көтергіш конструкциясы тозып, тұрғындарға қауіп төндіргендіктен сүріліп жатыр. Осыған байланысты Риддерде ескі шағын ауданды жаңғырту жобасы басталды.
Ескісінің орнына жаңасы салынады. Ал қаланың шет жағында бюджет есебінен жер телімі бөлініп, бір қабатты үй бой көтереді.
Алайда бұл жоспар толық жүзеге асқан жоқ. Былтыр өңірде қаржының жеткіліксіздігінен ескі үйлерден жаңа пәтерге 61 отбасыны көшіру жоспарланған еді. Биыл 26 отбасы ғана қоныс тойын тойлады.
– Үй әрі қарай құлап жатыр. Әрине, қорқынышты. Подъезден шыққан сайын шатырдың құлап жатқанын көресің, – дейді Риддер қаласының тұрғыны Александр ГОЛОМИДОВ.
– Соңғы екі жылда біз бір қабатты үйлер салып жатырмыз. Бірақ келесі жылдан бастап көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын бастаймыз. Барак үлгісіндегі үй өте көп. Сондықтан қайта салу керек бәрін, – дейді Риддер қаласының әкімі Думан РАХМЕТҚАЛИЕВ.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
24.08.2026,
10:30
24.08.2026,
18:26
24.08.2026,
09:00
27.08.2026,
18:00
26.08.2026,
12:00