Қайтейік енді
23.04.2026,
в 13:30
498
Бұл туралы «ТоболИнфо» өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады. Полиция департаменті аталған фактіні растады.
– 2026 жылғы 17 наурызда Қостанай облысы ҰҚКД-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері Қостанай облысы ПД-нің Ішкі қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, ҚР ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігі бойынша басталған сотқа дейінгі тергеу аясында Рудный қаласының криминалдық полиция бөлімінің үш қызметкерін ұстады, – деп өңірдің полиция департаменті басылымның ресми сауалына жауап берді. – Қостанай қаласының Мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен аталған тұлғаларға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау таңдалды.
ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігі параны қорқытып алу арқылы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының, ірі мөлшерде немесе бірнеше рет алуын көздейді және пара сомасының 60-70 еселенген мөлшерінде айыппұл салуға не 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға, мүлкін тәркілеумен, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырумен жазаланады.
Фото: СҚО ПД.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
Реклама
11.06.2026,
12:00
10.06.2026,
10:30
08.06.2026,
10:30
Реклама
Реклама