Желтоқсан көтерілісін еске алуға тыйым сала бастапты

Қайтейік енді

27.11.2026,

  в 15:00

268

Университтерге желтоқсан оқиғасына қатысты қойылым қоюға болмайды деген хат келді

«Желтоқсан оқиғасы мен тәуелсіздік үшін күрес тақырыбын қозғайтын қойылымдар мен сахналанған көріністерді өткізбеу сұралады». Желіге таралып кеткен бұл хат қазір қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Информбюро 31.

Құжатта жауапты министрлік университеттердің басшылығына тәуелсіздік күніне арналған іс-шараларды өткізу жөнінде ұсыныстар мен талаптарын жазған. Яғни, оқу орындары сол күні тек Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін көрсететін сабақ, дәрістер мен дебаттар ұйымдастыру қажет деп нұсқау берілген. Бірақ хаттың соңғы бөлігінде студенттер желтоқсан көтерілісін еске алатын театрландырылған қойылымдар қоймау керек деп қысқа айтылған.

Хаттың астында министрлікке қарасты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының аты-жөні жазылған. Бірақ қолы қойылмаған.

Ведомство өкілдері қазір құжатты кім дайындағанын анықтап жатырмыз дейді.

Фото: видеодан кадр.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!