Қазір қайда барсаң да – сайлаудың рекламасы

Қайтейік енді

26.11.2026,

  в 18:00

219

Астаналықтар сайлау туралы сайрай беретін ақпараттан құтыла алмай қалды

Астанада мәслихат депутаттарының 29 қарашада өтетін сайлауы туралы ақпараттандыру жұмыстары күшейтілді. Дауыс беру күні туралы бейнероликтер алып шолу дөңгелегінде, әуежайда, «Қазақстан темір жолы» ғимаратында және қала көшелеріндегі LED-экрандарда көрсетіліп жатыр.

Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ақпараттық материалдар елорданың көпшілікке танымал бірқатар нысанында көрініс тапқан. Алдағы дауыс беру күні туралы еске салатын ақпаратты алып шолу дөңгелегінен, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы ғимаратының қасбетінен, Астана халықаралық әуежайынан, сондай-ақ қала көшелерінің бойындағы цифрлық экрандардан көруге болады.

Алдағы сайлау туралы тұрғындарды хабардар ету үшін елордада түрлі қалалық ақпарат алаңдары пайдаланылып жатыр. Олардың қатарында халық көп жиналатын орындарда орналасқан экрандар да бар.

Фото: Астана қаласының әкімдігі.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!