Қайтейік енді
26.11.2026,
в 13:30
820
Түркістан облысында аудандық аурухананың бұрынғы бас дәрігері бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды. Кәсіпкер сыбайласы да жаза арқалады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Олар жансақтау бөліміндегі науқастарға қажетті медициналық оттегі жүйесін сатып алу кезінде мемлекетке 117 миллион теңге шығын келтірген.
Қылмыстық жолмен тапқан ақшаның бір бөлігіне елордадан пәтер сатып алып, туысының атына рәсімдепті.
Аурухананың бұрынғы бас дәрігері таныс кәсіпкермен бірлесіп қазына ақшасын жымқыру схемасын ұйымдастырған. Яғни біртұтас медициналық кешенді бірнеше тауарға бөліп, сатып алуды өзіне бағынышты компаниялар арқылы рәсімдепті. Оның үстіне жабдықтардың бағасын әдейі қымбаттатқан. Ал іс жүзінде тауарды басқа компаниялар жеткізіп, орнатқан.
Сот үкімімен бұрынғы бас дәрігер 8 жылға, кәсіпкер 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар Астанадағы пәтер мен екі автокөлік мемлекет кірісіне тәркіленді.
– Қылмыстық жолмен алынған қаражаттың бір бөлігі жылжымайтын мүлік сатып алу және оны туысының атына рәсімдеу арқылы заңдастырылған. Сот үкімімен аурухананың бұрынғы бас дәрігері 8 жылға, ал кәсіпкер 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар мемлекет кірісіне елордадағы пәтер мен екі автокөлік тәркіленді, – дейді ҚР қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі Ернар ТАЙЖАН.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
25.11.2026,
09:00
25.11.2026,
17:00
20.11.2026,
18:00
20.11.2026,
12:00
25.11.2026,
18:00