Keruen Inn қонақүйі енді Қарағандыда ашылды

Ду шапалаq

15.07.2026,

  в 18:00

105

Qazaq Oil қонақүй кешендері Қазақстан бойынша саяхатты баршаға жайлы етеді

Жаңа Keruen Inn қонақүйі Қазақстандағы негізгі көлік тораптарының бірінде ашылды. Бұл жерде еліміздің солтүстігі мен оңтүстігін, батысы мен шығысын жалғайтын жолдар өтеді. Астана, Алматы, Павлодар, Балқаш, Қарқаралы және басқа да өңірлерге апаратын жолдар осы жерде тоғысады.

Қонақүй кешенінің жалпы аумағы 1000 шаршы метрден асады және онда 31 нөмір бар.

Қонақтар үшін Deluxe санатындағы бір және екі орынды бөлмелер, сондай-ақ үш адамға арналған Deluxe Family отбасылық нөмірлер дайын тұр.

Кешенде тәулік бойы ашық тұратын кафе бар. Сонымен қатар іскерлік кездесулер мен түрлі іс-шараларды өткізуге арналған конференц-зал да қарастырылған.

Әдеттегідей, мұнда да күзетілетін автотұрақ, электр көліктерін қуаттайтын Qazaq Energy Charge станциялары және Dala Market дүкені бар. Қызметтердің бәрі Vlife платформасы арқылы ұсынылады: онда бөлмеге алдын ала тапсырыс беріп, қызметтердің ақысын төлей аласыз, бонустар жинап, оны қажетіңізге қарай жұмсайсыз.

Былай зер салсақ, Keruen Inn қонақүйлері салуға ыңғайлы жерлерде емес, жүргізушілерге шынымен демалыс қажет болатын жерлерде ашылып жатқанын байқауға болады. Дамылдайтын жерлер ұзақ жолдың бойында, танымал туристік бағыттардың маңында орналасқан.

Ең алғашқы Keruen Inn Алматы – Тараз – Шымкент тас жолының бойындағы Мерке ауылында ашылған еді. Кейін Самара – Шымкент автожолының бойындағы Арал қаласында тағы бір нысан пайдалануға берілді. Ол жер де ұзақ жолдық бойы: аялдама жасайтын қауіпсіз орындарға сұраныс жоғары келеді. Семейдегі қонақүй Семей – Павлодар бағытындағы жолаушыларға қызмет көрсетумен қатар, ішкі туризмнің дамуына да үлесін қосып келеді. Еліміздің батысында Қарабатан мен Ақтау қаласында екі нысан ашылған. Олар туристерге ғана емес, мұнай-газ саласы мен логистикаға байланысты қызметтік және корпоративтік сапарда жүретін жолаушыларға бағытталған.

Ал Қарқаралыдағы Keruen Inn қонақүйі Орталық Қазақстандағы ең танымал табиғи туристік бағыттардың бірінің ажырамас инфрақұрылымына айналды. Сондықтан дәл осы кешенде балаларға арналған үлкен ойын аймағы ашылды. Яғни мұнда тек жолай өтетін жолаушыларға ғана емес, бірнеше күн демалуға келетін отбасыларға да ерекше көңіл бөлінген.

Енді бұл жүйені бірнеше маңызды автомобиль бағытын байланыстыратын Қарағанды қаласы толықтырды.

Мұндай нәрсе жол инфрақұрылымы жақсы дамыған елдерде бұрыннан қолданылып келеді. Оларда жол бойындағы қонақүйлер саяхат қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ететін жол экожүйесінің ажырамас бөлігіне айналған. Әрбір жүргізуші бірнеше сағаттық жолдан кейін бірыңғай қызмет көрсету стандарттары сақталатын, демалып, дәмді ас ішіп, түнеп, заманауи қызметтерді пайдаланып, әрі қарай жолын жалғастыра алатын орын қашан да қажет.

Балалы отбасылар үшін бұл – жолды алаңдамай жоспарлау мүмкіндігі. Туристер үшін – ел ішінде үйреншікті жайлылықпен саяхаттау мүмкіндігі. Ал бизнес үшін – көлік дәліздерінің бойындағы қолайлы инфрақұрылым.

Сондықтан Қарағандыдағы жетінші Keruen Inn Qazaq Oil-дың қатысуымен біртіндеп қалыптасып келе жатқан Қазақстандағы автосаяхат инфрақұрылымының тағы бір маңызды буыны болды. Желінің ауқымы кеңейген сайын ел ішіндегі сапарлар жайлырақ әрі қауіпсіз бола түседі. Ұзақ жол жеңілдеп, саяхат жайлы болады.

Фото: Qazaq Oil.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!