Жанармай бекетінде отын сапасы қалай бақыланады: Qazaq Oil тәжірибесі

Ду шапалаq

27.06.2026,

  в 12:00

137

Керек болса, отыннан сынама алу мен оны тексеру клиенттердің көзінше жүргізілуі мүмкін

Осыдан біраз жыл бұрын Qazaq Oil компаниясы жабдықтары мен ішкі-сыртқы безендіруін толық жаңартуды қолға алған. 2023 жылы компания өзі өндіретін Tulpar-95 бензинін нарыққа шығарды. Ол өнімі жұртқа ұнап, көп ұзамай Tulpar-92 және Tulpar-98 бензині пайда болды.

Франциялық серіктесі – ®TotalEnergies қазақстандық компанияға Еуропада қолданылатын көпфункционалды қоспаларды ұсынды. Мұндай отын көліктің қоршаған ортаға шығаратын зиянды қалдықтарын азайтуға көмектеседі. Жуатын қасиеті бар көпфункционалды қоспалар көліктің отын жағу жүйесін тазартып, қақ пен шөгінділердің пайда болуына жол бермейді.

Tulpar бензині қозғалтқыш қуатын арттырады, отын шығынын үнемдеп, көліктегі жүйелерді тоттан қорғайды.

Зертханалардағы зерттеулер

Отын сапасын көптеген көрсеткіштер бойынша тұрақты түрде бақыламаса, өнім өздігінен сапалы боп кетпейді.

Qazaq Oil компаниясының аккредитацияланған зертханалары Алматы, Астана және Атырау қалаларында жұмыс істейді. Зерттеулер жүргізу үшін компания Еуропа, АҚШ және Ресейден арнайы жабдықтар сатып алған.

Зертханаларда отынның октан саны, фракциялық құрамы, күкірт пен су мөлшері талданады.

– Бензинді тексеру үшін біз УИТ-85М қондырғысының көмегімен октан санын және фракциялық құрамын анықтаймыз, – деп түсіндіреді сапаны бақылау бөлімінің мамандары.

Фракциялық құрамды тексеру қолмен және автоматты әдіспен жасалады.

– Қолмен жүргізілетін әдіс кезінде біз дәл нәтижеге жету үшін температура мен булану көлемін тіркейміз, – дейді зертхана қызметкерлері.

Тағы бір маңызды көрсеткіші – тығыздығы.

– Ол үшін лаборант отынды цилиндрге құйып, термостатқа салады. Тығыздық ареометр арқылы өлшенеді. Талдау нәтижесі өнім паспортына енгізілген көрсеткішпен салыстырылады, – дейді мамандар.

Өзіңіз тексеруге мүмкіндік бар

Егер тұтынушылардың сұрағы туындаса, олар жанармай құю бекетіндегі резервуардан сынама алу процесіне қатыса алады.

Зерттеу қорытындысында клиентке сынақтардың ресми хаттамасы беріледі. Арбитраждық сынамалар 45 күнге дейін сақталады және қажет болған жағдайда сынама алуды сұратқан адамның қатысуымен қайта зерттелуі мүмкін.

– Біз үшін клиенттің көкейінде ешқандай сұрақ қалмағаны маңызды. Барлық әрекеттер ашық, нәтижелер ресми түрде расталған болуы тиіс, – деп атап өтті компания өкілдері.

Qazaq Oil – еліміздегі ең ірі жанармай құю бекеттері желісі. Компанияның 372 жанармай құю станциясы, жанармай таситын 242 көлігі, 11 меншікті және 30-дан астам жалға алынған мұнай базасы бар.

Фото: Qazaq Oil.

АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!