Қайтейік енді
15.08.2026,
в 16:00
476
Жамбыл облысында қызметкерінен 100 мың теңге талап етті деген күдікпен батальон командирі ұсталды, деп хабарлайды Astana TV.
Оны ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департамент қызметкерлері құрықтаған.
Пара алу фактісі бойынша күдікке іліккен қызметкер – Тараз қалалық патрульдік полиция батальонының командирі. Ол қол астындағы қызметкерінен тұрмыстық жанжалдан туындаған істі жылы жабу үшін ақша сұраған көрінеді.
Полицей сұраған соманы қаладағы моншалардың бірінде алып жатқан жерінде ұсталған.
Қазір ол уақытша ұстау изоляторында.
Бұл қылмыстық іске тағы кімдердің қатысы бар жоғы жан-жақты анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.
Фото: видеодан кадр.
АЛЫП-ҚОСАРЫҢЫЗ БОЛСА, ТАЛҚЫЛАЙТЫН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!
12.08.2026,
08:00
10.08.2026,
09:00
11.08.2026,
15:00
14.08.2026,
10:30